АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР ТӨСБЕЛГІЛЕРМЕН МАРАТТАЛДЫ

12 мамыр – Аналар күніне орай Тұран ауданындағы батыр аналарға «Күміс алқа» және «Алтын алқа» табысталды,-деп хабарлайды Bozyq.kz.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 22 сәуіріндегі № 524 Жарлығына сәйкес 18 алтын және 52 күміс алқасымен көп балалы аналар марапатталды.

Ана — асыл жан! Ана барда — әлем құлпырады.  Осы сөзді естігенде-ақ бойыңды бір жылылық баурап алатын тәрізді. Ана – ұлылардың ұлысы, махаббаттың бастауы.  Бүгін Шымкент қаласында “Аналар” күні қарсаңында, Абай ауданындағы алтын құрсақты аналар да құрметке бөленді.

Абай ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылдың 22 сәуір күнгі №524 Жарлығына сәйкес, 26 ана — “Алтын алқа” және 101 ана — “Күміс алқа” төсбелгісімен марапатталды.

-Бүгін үлкен мерекелік шара өтті десек те болады. Алтын және күміс алқа иелерін, аналарды шақырып медальдармен наградтады. Осы үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа рахметімді айтамын. Елімізге адал қызмет ететін, болашақта үлкен жол бастайтын, Қазақстанның атын әлемге танытатын ұрпақ  тәрбиелейік. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын,-дейді арық айтып, семіз шыққанды жөн көретін кейіпкеріміз. Есім-сойын жариялағанымызды  жөн көрмеді.

Қазіргі таңда Абай ауданында 1 068 ана — “Алтын алқа”, 3 874 ана — Күміс алқа” иегерлері.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, демографиялық өсім жағынан Шымкент Қазақстанда алдыңғы орында тұр. Демографиялық өсім бірінші кезекте туу көрсеткішінің жоғары болуына байланысты. Яғни, әр он бес минут сайын бір шымкенттік дүние есігін ашады деген сөз. Қазір Шымкентте 4 перинаталдық орталық бар. Алайда нәрестелердің көбеюіне байланысты бұл орталықтарда орын тапшылығы байқалуда.

Біз барша аналарды келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *