Бүгін Түркістанда 18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай облыстық «Фараб» кітапханасының ұйымдастыруымен «Өңірдің құнды тарихы – музей жәдігерлері» атты музейлер шеруі өтті. Шараны облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев ашып беріп, музей қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Аталған шараға 200-ден аса оқырман, келушілер және қала қонақтары тамашалады.
«Өңірдің құнды тарихы – музей жәдігерлері» атты іс-шараға өңірдегі 11 қорық-мұражай, музейлері қатысты. Атап айтқанда, «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі және соған қарасты Саттар Ерубаев атындағы әдеби-мәдени музей филиалы «Ұлы Дала Елі» орталығына қарасты Нұртас Оңдасынов пен Нәзір Төреқұлов атындағы музей филиалы, Руханият Әбу-Нәсір әл Фараби музейі, «Шәмші үйі» мұражайы, Ордабасы ауданындағы тарихи-өлкетану музейі, Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейі қатысты.
Аталған шараға 200-ден аса оқырман, келушілер және қала қонақтары тамашалады. Іс-шара соңында кітапхана директоры Жанат Шардарбекова тарихты сақтаушы музей қызметкерлеріне алғыс білдіріп, кәсіби мерекелерімен құттықтады. Шеруге қатысушы музейлерге алғыс хат табыстап, облыстың бес жылдығына арнайы щығарылған «Бес жыл белестері» кітабын сыйға тартты.