Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Күн тәртібінде бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы мен шомылу маусымының басталуына байланысты судағы қауіпсіздік шаралары, Асықата кентінен индустриялдық аймаққа бөлінген 50 га жердің құжаттарын рәсімдеу жұмыстары сөз болды. Аудандағы «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асырылуы мен жүзеге асырылып жатқан инвест жобалардың, жауған жаңбыр салдарынан зардап шеккен егістік алқаптары мен су үнемдеу технологиясы бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қосымша мәселе ретінде қаралды.
Алғашқы мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Ғабит Мелдеханов пен аудандағы кіріс түсімдерінің орындалуы, салық базасын ұлғайту бойынша атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы аудандық аумақтық салық басқармасының басшысы Серік Жасұзақов, жазғы шомылу маусымында балалар мен ересектердің белгіленбеген жерлерде шомылу қауіптілігін түсіндіру мен адам өлімінің алдын алу, қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру мәселелері бойынша аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Досан Жамединов баяндама жасаса, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлімінің басшысы Нұртас Тұрсынбеков пен Асықата кентінің әкімі Нұралы Жолдасбек Асықата кентінен индустриялды аймаққа бөлінген 50 гектарды заңдастыру, құжаттандыру жұмыстары жайлы айтты.
Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы мен егістік алқаптарда жүзеге асырылып жатқан су үнемдеу технологиялары жайлы да шолу жасалып, жауапты сала мамандарына арнайы тапсырмалар берілді.