ШЫМКЕНТТЕ 76 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯНЫҢ ЖҮРЕГІНЕ АШЫҚ ОТА ЖАСАЛДЫ

Шымкент жүрек орталығының дәрігерлері 76 жастағы қарияның жүрегіне жасанды жүрек аппаратын қолдану арқылы ашық ота жасап, аман алып қалды.

Адам өміріне аса маңызды жүрек қан тамырлары  зақымдалған зейнеткер Бахадыр Исановқа құны 2 миллион 900 мың теңге тұратын күрделі ота МӘМС есебінен жасалған. Ақ желенділер мұндай ота түрлерімен жылына 500-ден астам науқастың өміріне араша болуда.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында ми қан тамырларының күрделі бұзылыстарында, жүрек ауруларын емдеуде күрделі ота жасауға қолжетімділік артқан. Қазіргі таңда қалада жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін ұсынатын 10 медициналық мекеме қызмет көрсетуде.

Жалпы,  халыққа міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көмек көрсету емханалардан басталады. Бірақ,  науқастардан түсетін шағымдардың басым үлесі де  медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін осы мекемелерге тиесілі.

Былтыр МСАК мекемелері тарапынан уақытылы медициналық қызмет көрсетілмеуіне байланысты 500–ге жуық шағым тіркелген. Азаматтардан түскен 65 шағым бойынша жоспардан тыс мониторинг жұмыстары жүргізіліп, 22-нің негізділігі анықталған.

ӘМСҚ  Шымкент қаласы бойынша филиалының өкілдері тұрғындардан түсетін арыз-шағымдарды азайту және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында қаладағы барлық емхана басшылары, жоғары және орта буын қызметкерлерімен кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ халықты сақтандыру мәртебесімен қамту, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  жарналары мен есепте тұратын науқастарға тегін босатылатын дәрі-дәрмектер бойынша мәселелер майшаммен қаралуда.

Дәрігерлер  жұмыс барысында кездесетін кейбір мәселелер де ұмыт қалған емес.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *