ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ V СЕССИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Шымкентте қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының V сессиясы басталды, деп хабарлайды Bozyq.kz. 

Жиынға қала әкімі, қалалық ҚХА төрағасы Ғабит Сыздықбеков, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов арнайы қатысуда. 

Қалалық сессияға қалалық ассамблея мүшелері, мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының, салалық басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, аудан әкімдері, діни конфессиялардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, зиялы қауым өкілдері және жоғары оқу орындарының ректорлары жиналды.

Жиында Ж.Тәшенев  атындағы университеттің проректоры Ғалымжан Битұрсын, Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик»қауымдастығының төрағасы  ИкрамжанХашимжанов, Шымкент қаласының ACCESS бітірушілері «ASAA» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, белсенді волонтер Данара Саранова, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Асхат Нұрлыбаев, «Ассамблея жастары» ұйымы қалалық өкілдігінің белсендісі Тимур Инкижино сөз сөйлейді деп күтілуде. 

Айта кетейік, бүгінде қалалық ҚХА жанында 17 этномәдени бірлестік пен 7 құрылым қоғамдық негізде әрекет етеді. Жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат аясында жұмыс істейтін белсенділердің әлеуеті – қоғамдық келісімді сақтау мен қазақстандық патриотизмді дәріптеу бағытындағы жобаларға жұмылдырылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *