ШЫМКЕНТТЕ ЗӘУЛІМ МЕШІТ АШЫЛДЫ

Шымкентте «Сейітжан қари Есжанұлы» атындағы үлкен мешіттің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, дін ғалымдары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары қатысты. Сонымен қатар, зәулім мешіттің ашылу рәсіміне Меккеден шейх Осман Тоhа да арнайы келді.

Үлкен мешіт халқы көп қоныстанған жас мегаполистің ортасында- Шымкент қаласының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан.   Бір мезетте 12 мыңға жуық мінәрәт етушілердің сыю мүмкіндігі бар. Өзі ерекше үлкен көлемді болса да, қаладағы басқа құрылыстармен оңай жарасып кеткенін атап өтуге болды. Ғимараттар кешенімен өңірдегі ең үлкен мешіт 12 га учаскеде салынды. Құрылысты «Мұнай Құрылыс Сервис» ЖШС еншілес компаниясы жүргізген.

Мешітті желдету үшін жазда дезинфекциялау және салқындату, қыста жылыту үшін арнайы жабдық арқылы өтетін табиғи ағынды ауа қолданылады. Бұл технология Мәскеудегі метроның құрылысына қолданылған. Құрылыс барысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салу кезінде қолданылған ерте кездегі сәулет технологиялары ескерілген. Бұл негізгі желдетуге көмекші ретінде табиғи желдетуді қолдану принципі.

Басқа да инновациялық шешімдер қолданылды. Мешітке кірер алдында 10000 адамға дейін сыятын алаң бар. Қолайсыз ауа-райынан қорғау үшін Меккеде орналасқан Әл-Харам мешітіне ұқсас ашылатын қолшатырлар жүйесі қарастырылған. Кешенді субұрқақтар каскадтарымен кезектесетін жасыл желектер қоршап тұр.

Алланың үйі мешітіміз құтты болсын. Осы мешітің салынуына қолдау көрсеткен қала әкіміне ерекше алғыс айтамын. Ғасырлар бойы дінімізге қызмет ететін мешіт салып берген Серікжан Сейітжанұлы ағамызға да алғысымыз шексіз. Еңселі мешіт елге, дінге қызмет ете берсін, — деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Мешіт кешенінде 1000 орынға лайықталған конгресс-холл, неке қию сарайы, ислам тарихының мұражайы, әйелдерге арналған оқу орны, медресе, кітап оқитын залы бар кітапхана, әкімшілік бөлмелер, телеорталық, фитнес орталық пен 1000 орынға шақталған асхана орналасқан. 1000 автокөлікке арналған үш- деңгейлі жерасты паркингі, лифт, эскалаторлар және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған паркинг те қарастырылған.

Сейітжан қари Есжанұлы атындағы жаңа мешіт оңтүстік өңірі тұрғындарының рухани орталығы ғана болмай, Шымкент қаласының көрнекті орындарының біріне айналмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *