САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

Қаладағы «Қасірет» мемориалында саяси қуғынсүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған ісшара өтті. Тағдырдың қатал сынағына ұшыраған боздақтар еске алынып, құрмет көрсетілді. Ісшара ана мен бала ескерткішіне тағзым етуден басталды.

 Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Одан әрі көпшілік саяси-қуғын сүргінге ұшыраған арда азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Қаланың бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов марқұмдардың рухына Құран аяттарын бағыштады.

Солақай саясаттың кесірінен ұлтымыздың қаймағы мен қарапайым азаматтар жазықсыз жапа шекті. Ең сорақысы зиялылар атылып, ұлтжанды азаматтар  қуғындалды. Ал, қарапайым халық аштан қырылды. Бұл жиынға солақай саясаттың қрбаны болған бабалардың ұрпақтары да келді. Солардың бірі Бақытжан Қуанышбеков. Ол — Қуанышбек Тәжібаевтың немересі.

«Біз атамызды көрген жоқпыз. Сөзін естіген жоқпыз. Атамыз Қуанышбек Тәжібаев 1902 жылы Түлкібас ауданы Борсай ауылында дүниеге келген.   Түлкібас, кейін Арыс ауданында қызмет істейді. Қызмет істеп жүріп 1937 жылы қараша айында «халық жауы»  деп жалған айыппен тұтқындалды»,-дейді  Бақытжан Қуанышбеков.

Солақай саясаттың кесірінен ұлтымыздың қаймағы мен қарапайым азаматтар жазықсыз жапа шекті.  Нәубет жылдары  4 миллионға жуық адам аштықтан қырылса, 113 мың адам қуғын-сүргiнге ұшыраған. 25 мың  азамат жазықсыз атылған.  Осы қасіретті жылдары Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша 2500 адам «халық жауы» ретінде құрбан болған.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен шаһарда саяси қуғын-сүргін көрген азаматтарды толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия жұмыс істеп жатыр. Таяуда «Тарих.Тағылым.Тұлға» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция да ұйымдастырылған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *