Түркістанда облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев тұрғындарды қабылдады

Түркістан облысы әкімдігінің «Ашық әкімдік» кеңсесінде тұрғындарды жеке қабылдау жалғасуда. Бұл жолы азаматтарды облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қабылдап, өзі жетекшілік ететін салалар бойынша олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Қабылдауға келген тұрғындар спорт, қоғамдық даму және өзге де әлеуметтік бағыттардағы өзекті мәселелерді көтерді. Әсіресе параспортшыларға қолдау көрсету, қоғамдық іс-шараларды тиімді ұйымдастыру, жастар белсенділігін арттыру секілді ұсыныстар назарға алынды. Кейбір азаматтар өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылық білдіріп, әкімдік тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлық пен қолдауға алғыс айтты.

Кездесуге жауапты басқарма басшылары мен сала мамандары қатысып, көтерілген мәселелерді нақтылап, шешу жолдарын бірлесе талқылады. Тұрғындардың әрбір өтініші бойынша жауапты тұлғалар бекітіліп, орындалу мерзімдері белгіленді.

Ертай Кенжебекұлы айтылған әр мәселені заң аясында қарап, жүйелі шешім қабылдауды тапсырды.

– Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары назардан тыс қалмайды. Біз үшін ең бастысы – халықпен ашық диалог орнатып, нақты нәтиже шығару, – деді облыс әкімінің орынбасары.

«Ашық әкімдік» форматындағы мұндай қабылдаулардың мақсаты – тұрғындардың үнін есту, олардың мәселелерін дер кезінде шешу, әрі билік пен халық арасындағы сенімді нығайту.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *