1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Кентау қаласы Қарнақ ауылында келесі жаңа ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Игі шараға қатысқан қала әкімі Жандос Тасов пен қалалық маслихат төрағасы Қабылан Елеусізов демеуші болған жандарға алғыс білдіріп, ауыл жастарын және тұрғындарын жаңа ойын нысанының пайдалануға берілуімен құттықтап, лентасын қиды.
Ойын алаңша ауылдың белсенді кәсіпкерлері мен ауыл тұрғындарының демеушілігімен жүзеге асырылған.
«Ауылдың белсенді жастары бұнымен тоқтап қалмаймыз. Әлі де жыл соңына дейін ауылдағы аулаларға бірнеше ойын алаңшаны салу жоспарланған. Осындай игі істер өзге ауылдарға да үлгі болып, ауылдың әлеуеитін дамытуға атсалысса екен деймін» дейді қалалық маслихат депутаты Бекзат Хабибов.
Ауыл ақсақалдары ақ баталарын беріп, жанашыр ауыл тұрғындарына ризашылықтарын жеткізді. Тарихы терең Қарнақ ауылында пайдалануға берілген алаңшасы барлық стандарттарға сай, 0,5 га аймақты алады. Онда жарықшамдар орнатылып, айналасы абаттандырылған. Бір мезгіл баласымен барған ата-аналарға тыныстап демалуға арналған жайлы орындықтар қойылған. Мұндай ойын алаңшасы осымен үшінші рет ауыл балаларына табысталуда. Ауылдың белсенді тұрғындары жыл соңына дейін әлі үш алаңша табыстауды жоспарлаған. Бүгінде аталған ойын алаңшалардың құрылысы жүруде.
Қала әкімі белсенді ауыл тұрғындарын ауылдың дамуына қосқан үлестеріне ризашылық білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.