Сыбайлас жемқорлық қоғамдағы ең қауіпті құбылыстардың бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев атап өткендей: «Сыбайлас жемқорлық — бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес». Сыбайлас жемқорлықты мемлекет пен қоғам үшін келтіретін экономикалық залал ретінде бағалау қабылданған. Ол тек қана экономика мен әлеуметтік қатынастарға, қоғамның құндылықтық және моральдық-адамгершілік негізіне зиян келтіріп қана қоймайды, сонымен бірге мемлекеттік аппараттың тиімді қызмет етуіне және елімізде жүргізіліп жатқан тұрақтылық және қауіпсіздік саясатына да әсер етеді.
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы, адамдардың қоғамдық демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне сызат түсіретіні болып отыр.
Сыбайлас жемқорлықпен күресудің көптеген әдістері бар. Біріншіден, заңды қатайтып және оның орындалуын қатаң қадағалау, сол арқылы жазалау қаупін күшейту. Екіншіден, лауазымды адамдарға ережелер мен заңдарды бұзбай өздерінің кірістерін көбейтуге мүмкіндік беретін экономикалық механизмдерді туғызу. Үшіншіден, нарық пен бәсекелестіктің рөлін күшейту, сол арқылы сыбайлас жемқорлықтан түсетін ықтимал пайданының көлемін азайту.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу — жеке адамдардың немесе жекелеген топтың ғана емес мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы, осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғары деңгейдегі жауаптылықпен іске асырылуы тиіс. Осыны шынайы орындау үшін әрбір лауазым иесі өзінің жан-дүниесін ұдайы таза, адал ұстауы тиіс. Сонда ғана олар қарапайым халықтың сенімін ақтап, қоғамның тежеусіз дамуына үлес қосқан болар еді.
А.Рахимова, Ордабасы аудандық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы