ШАРДАРАЛЫҚТАР ЭКОАКЦИЯНЫ ҚОЛДАП, ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

Республика бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» акциясының аясында, облыс әкімінің тапсырмасымен, аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың қолға алуымен, бүгін Шардара ауданы Қызылқұм ауылында жаппай сенбілік өтті.
Экоакцияға мекемелер, жастар, еріктілер мен аудан тұрғындары белсенді қатысты. Сенбілікке 100-ге жуық адам мен 2 техника қатысып, 5 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. 9 көше бойлары тазартылып, тал мен үй қасбеттері ақтап-сырланып, қураған талдар қырқылып, көше бойындағы шөптер шабылып, саябақтар ретке келтірілді. Сонымен қатар, елді мекен ішіндегі 1 шқ ирригациялық жүйелер тазаланды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *