«АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

Шымкентте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындаты әйелдер істері және отбасылық-демографиялық, саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен «Репродуктивті денсаулық» апталығына орай Қалалық перинатальдық орталықта  «Отбасын жоспарлау» тақырыбында  «Ашық есік күні»  өтті.

Жиынға ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Маратұлы Жарасбаев, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Фаридұлы Нұров, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Құтжанұлы Есентаев қатысып, журналистер сұрағына тұшымды жауап берді.

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев сөзін көшпенділер ойындарына дайындықтың аралық қорытындысынан бастады.

«Ең алдымен, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастырушылар құрамына Қазақстан Республикасының Үкіметі, Дүниежүзілік этникалық спорт түрлері конфедерациясы, Түркі мемлекеттерінің ұйымы және Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы кіргенін айтқым келеді.  20 маусымда ЮНИСЕФ (БҰҰ Балалар қоры) пен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. ЮНИСЕФ 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми серіктесі мәртебесіне ие болды»,- деді Серік Жарасбаев.

Туризм және спорт вице-министрінің айтуынша, спорт ғимараттарының басым бөлігі жарыстарды өткізуге дайын. «Алау» мұз сарайы мен «Астана Арена» стадионында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, олар 15 тамызда аяқталады деп күтілуде. «Қазанат» ипподромындағы құрылыс жұмыстары шілде айында аяқталады деп жоспарланған.

Көктемгі ауқымды су тасқынына байланысты Мемлекет басшысының, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыруға жұмсалатын шығындарды қысқарту қажеттігі туралы тапсырмасын орындау мақсатында Ойындар бағдарламасына бірқатар өзгерістер енгізілді. Ойындардың ұзақтығы бір күнге қысқарып, 8-13 қыркүйек аралығында өтетін болды. Қатысушылар мен елдер саны да азайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлемнің 100-ден астам елінен 4000 қатысушы қатысады делінген болса, енді қатысушылардың саны 2000-нан асады деген жоспар бар. Бүгінге дейін 89 мемлекет Ойындарға қатысатынын растады. Бруней-Даруссалам, Либерия, Венесуэла, Ирландия, Доминикан Республикасы, Гамбия сияқты елдер Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына алғаш рет қатысқалы отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *