ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНАН ҰЛТТЫҚ БІРІҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУДЕ «ҮЗДІК НӘТИЖЕ» – 135 БАЛЛ!

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының «Алтын белгі» төсбелгісінің иегері, ATU грант иегері, ОҚМПУ грант иегері, ҚБО (Қазақстан білім олимпиадасы)-ның жүлделі орын иегері Орымбек Нұрсұлтан – 135 балл жинады.
Мектеп бітіруші түлектер арасында биылғы оқу жылында 11-сыныпты бітіріп отырған түлектердің саны – 178.
Олардың арасында:
* «Алтын белгі» төсбелгісінің иегерлері – 16 түлек
* «Үздік аттестат» иегерлері – 21 түлек.
Маусым, шілде айындағы негізгі ҰБТ ЖОО бөлінген мемлекеттік грантқа түсуге мүмкіндік барысында мектеп бітіруші 178 түлектің 100% ұлттық біріңғай тестілеуден өтті.
ҰЛТТЫҚ БІРІҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ НӘТИЖЕСІНДЕ:
1.100-140 балл аралығында – 41 түлек жоғары нәтиже көрсетті.
2.70-100 балл аралығында – 87 түлегіміз жақсы нәтижемен шықты.
Шығармашылық тапсырған түлектер  де өте жақсы нәтиже көрсете білді.
Бітіруші түлектердің Республикадағы ең мықты ЖОО мен шетелдің үздік оқу орындарына түсіп, мақсаттарының орындалуына тілектеспіз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *