ЖЕР: ДҰРЫС ПАЙДАЛАНСАҢ, ПАЙДА ТАБАСЫҢ

Шардара ауданның  әкімі Арман Қарсыбаев Жаушықұм ауылдық округінде болды.   Бір топ нөкерлерін ертіп, шаруалардың егістік алқаптарын аралады.  

Шардара — аграрлы аймақ. Мал шаруашылығымен бірге егін шаруашылығына  қолайлы өңір. Халқы еңбекқор. Бірақ, сол жер емген диқандар жыл сайын  қулыққа баратын. Жиын-терімнен кейін, егістік жерді тастай қашатын.  Қарбыздан қалған полиэтилен пленкалар  қоқысқа айналып, қыр-қырда шұбатылып  жататын. Енді, оған жол берілмейді. Аудан әкімі Арман Қарсыбаев жиын-терімнен кейін егістік жерде қалған зиянды қалдықтарды жер иелеріне жинатуды қолға алды.

«Бұл полиэтилен пленкасы  жайылып жүрген мал мен егістік жерге айтарлықтай зиян келтіретін зат. Ауыл шаруашылығы, жер және ауылдық округ әкімдері бірігіп, әрбір жер иелеріне қарбыздан қалған пленкаларын тазалатыңыздар. Бұл ең алдымен жерге экологиялық зардап бермеу мен тазалықты сақтау үшін қажет. Осындағы бүкіл шаруақожалықтарға ескертіңіздер, жерлер тазаланбаған жағдайда әкімдік тарапынан тиісті заңды шаралар қолданылады»,- деді Арман Романұлы.

Аудан әкімі бетің бар, жүзің бар демеді. 11 шаруақожалық иелеріне ескерту жасады.

Атын атап, түсін түстегенді жөн көрдік. Олар:

«Бексултан-М»ЖШС

«Қожан- Ата»ЖШС

«Қонар-ата» ЖШС

«Туребай-Д» ЖШС

«Шардара нұры»ЖШС

«АКСЕЛИНИ»ЖШС

«Нұр- Ержан-С»ЖШС

«Құт Сабыр»ЖШС

Абишев Марат

«Нұр-Асыл-Су» ЖШС және «Әмірәлі-Жандос» ЖШС.

Айта кетейік, полиэтилен пленкасы жер қыртысында 400 жылға дейін шірімей, кішкентай молекулаларға айналып жата береді. Ал табиғатта аталған молекулаларды ерітетін ферменттер жоқ болғандықтан, табиғатқа үлкен зиян келтіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *