ШАЯН ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАЛАУЫ ТАЗАЛАНДЫ

Мемлекет басшысы жариялаған  «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының түпкі мәні – отаншылдық рухты асқақ ету, табиғатты аялауға жетелейтін қоғамдық сананы қалыптастыру екені ақиқат. Бұл жөнінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Біз жеріміздің шын жанашыр иесі екенімізді нақты іспен көрсетуге тиіспіз. Ол көшеге қоқыс тастамау, көрінген жерге от жақпау сияқты қарапайым нәрселерден бастап, жалпыхалықтық сипаттағы ауқымды экологиялық шаралар арқылы көрініс табуы қажет», — деген болатын.

«AMANAT» партиясы, Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын қолдап,  апта сайын тұрақты негізде «Таза бейсенбі» науқанын өткізіп келеді. Әр бейсенбі тазалық күні болып жарияланып, оның аясында партияның әр өңірлеріндегі филиалдары, аудан, қалалардағы партиялық құрылымдар, бастауыш ұйымдар күш біріктіріп, ең ластанған деген географиялық нүктелеріде тазалық жүргізіп келеді. Бұған дейін аманаттықтар  төрт жолдың торабы түйіскен Түркістанның магистралды темір жол бойын, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі өтетін аймақты, Арыс өзені жағалауын, Алатау бөктерін күл-қоқыстан арылту жұмыстарын атқарған болатын. Бүгін Бәйдібек ауданы,  Шаян өзені жағалауын зиянды қалдықтардан тазартты.  «Денсаулық» бастауыш партия ұйымының үйлестіруімен өткен науқанға партия белсенділері, жанашыр азаматтар, жастар қатысып, өзен жағалауының табиғи келбетін қалпына келтіруге үлестерін қосты.

Қазыналы Қаратау бөктерінен бастауын алатын Шаян өзені осынау атырабы бірнеше жүз шақырымға созылатын шөлейтті аймаққа тіршілік нәрін жеткізіп беруші бірден-бір су көзі болып табылады. Өзен суын қалдықтар төгіп былғау, жағалауын зиянды пластика қоқыстарымен толтыру – айнала-атырапты үлкен экологиялық апатқа душар ететіні  анық.  Аманаттықтар табиғатты аялап, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *