Медициналық көрсеткіштер болған жағдайда Қормен шартқа отырған жеке клиникаларда консультациялық-диагностикалық қызметтерді алуға болады. Ол үшін өз емханаңыздан жолдама қажет. Медициналық қызмет көрсетушілердің тізімімен Қор сайтына кіріп, «МӘМС-гид», ары қарай «Пациенттер үшін», содан кейін «Клиниканы таңдау» батырмасын басу арқылы танысуға болады (https://fms.kz/osms-guide/patient/vybrat-kliniku/).
Шымкентте 189 медициналық ұйым халыққа МӘМС шеңберінде қызмет көрсетеді. Оның 34-і мемлекеттік, 155-сі жекеменшік медициналық ұйымдар. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету әлеуеті жақсарып, медициналық мекемелердің саны артқан. Еңбастысы халықтың таңдау құқығы бар.
МӘМС жүйесі енгізілгелі денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету әлеуеті жақсарып, медициналық мекемелердің саны да артқан. Шымкент қаласында 2022 жылы 130 ұйым қызмет көрсеткен болса, бүгінгі таңда 189 медициналық мекеме қызмет көрсетуде. Оның 34-і мемлекеттік, 156-сы жекеменшік медициналық ұйымдар. Шымкент қаласы бойынша амбулаторлық деңгейде 14 мемлекеттік емхана және 44 жеке меншік медициналық орталықтар қызмет атқарады. 2021 жылмен салыстырғанда, емханалардың орташа жүктемесі 31 мыңнан 22 мыңға азайған. Ауруханалардың төсек орын саны 3989-дан 4793-ке артқан.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бұл – әлеуметтік жоба. МӘМС азаматтарға медициналық мекемені өзі таңдауына мүмкіндік жасады. Медициналық мекеменің қызметі ұнамай ма, басқасын таңда. Ешкім қолын қақпайды. Былтыр мәселен емханалар тарапынан уақытылы медициналық қызмет көрсетілмеуіне байланысты 500–ге жуық шағым тіркелген. Азаматтардан түскен 65 шағым бойынша жоспардан тыс мониторинг жұмыстары жүргізіліп, 22-нің негізділігі анықталған.