18 ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫ ЖҰМЫСЫН УАҚЫТША ТОҚТАТТЫ

Сауран ауданы – Түркістан облысы  аумағындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. Орталығы – Шорнақ  ауылы. Аудан солтүстігінде Созақ ауданымен,  оңтүстігінде Отырар ауданымен, шығысында Бәйдібек ауданымен , оңтүстік-шығысында Ордабасы ауданымен, батысында Қызылорда облысының  Жаңақорған ауданымен шектеседі.   34 елді мекен 12 ауылдық округке біріктірілген. Жері табиғи ресурстарға  бай. Қош!

Сол Сауран ауданында   жер қойнауын пайдаланатын 39 компания  бар.  Бүгінде 21 жер қойнауын пайдаланушы жұмыс істеп тұр.  Ал 18 жер қойнауын пайдаланушы жұмысын уақытша тоқтатқан.

Сауран ауданында  заңсыз жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактілерін анықтау және болдырмау мақсатында жұмысшы тобы құрылған.  Жұмысшы топ өкілдері, жер қойнауын заңсыз пайдалану, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды  заңсыз қазу, тасымалдау, сатуды анықтау, алдын алу және жолын кесу мақсатында шұғыл алдын алу шараларын үздіксіз жүргізген. Әлгі,  «қайраңда қалған кемелер», осы жұмысшы топ жұмысының жемісі.

Жыл басынан жұмысшы топ өкілдері заңсыз жер қойнаушыларды анықтау мақсатында 90 рет рейдтік жұмыстар жүргізген.  102-сымтетігіне 32 рет хабарлама беріліп, ішкі істер органдарына тіркелген. Сонымен қатар, 83 ауыр жүк көліктері айып тұраққа қойылып, оларға 3,8 млн. теңге айыппұл салынған.

Сала мамандары Облыстық жер ресустарын басқару және экология департаменттеріне 20 рет тиісті шара қолдану бойынша арнайы хаттардың жолданғанын жеткізді.

Айта кету керек, бүгінгі таңда облыс аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін 195 жер қойнауын пайдаланушы бар. Олар 84 келісімшарт және 111 лицензия негізінде жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі Сауран, Сайрам, Ордабасы аудандары мен Арыс қаласының аумағында орналасқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *