ШАҺАРҒА КЕЛГЕН ƏР ƏКІМ ЖҰМЫСЫН САРАЙҒА ЖАҢАЛЫҚ ЕНГІЗУІДЕН БАСТАЙТЫН

Шымкент қаласының тұрғындары “Мұз сарайының” тағдырына  қатты алаңдайтын.  Себебі, бұл мегаполистегі қысқы спорт түріне бағытталған жалғыз орын еді.

Қазіргі таңда қала әкімдігі бірқатар нысанды мемлекет меншігіне қайтаруға білек сыбана кірісті. Оған  “Мұз сарайы”  дәлел.

Бұл “Мұз сарайы”  осыдан жеті жыл бұрын,  нақтысын айтсақ   2017 жылы қыркүйек айында   «Мұнай Құрылыс Сервис» ЖШС-не 128 миллион теңгеге сатылған.  Бір қызығы сол кездегі ғимаратты бағалау құны  996 миллион теңге болған.  Нарықтағы құнынан 8 есе арзанға бағаланған сатып-алу шартының күші сот шешімімен жойылды.

«Жеңімпазбен шарт жасалғанмен, келісімде нысанның бейінін сақтау көрсетілмеген. Департамент қала прокуратурасымен бірлесіп нарықтық құны 8 есе төмен сатылған «Мұз сарайын» мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылдады. Жергілікті атқарушы орган тарапынан аталған объектінің 67 % үлесін 128 млн теңгеге жеке меншікке заңсыз сатқанын анықтады»,-дейді Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы Ақжібек Қапалбаева.

Қалалық прокуратура да қарап отырмапты. Осындай жәйттерді ескере келе тексеру шараларын жүргізгенге ұқсайды. Әлгі, мемлекеттік мүддеге қайшы ұйымдастырылған аукцион барысында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтапты.  Прокуратура  Шымкент қаласының ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотына мемлекеттің үлесін сатып алу келісім-шартын жарамсыз деп тану туралы талап-арыз жолдаған екен.  Сот шешімімен прокуратураның арызы қанағаттандырылды.  Осылайша,  «Мұз сарайы» мемлекет меншігіне қайтарылды.

Айта кетейік, аталмыш “Мұз сарайының”  қазығы 2000 жылдары қағылды.  Бір мезетте 100-ге жуық адам конькимен сырғанай алатын ірі спорт кешені 24 жыл ішінде талай өзгеріске ұшырады.. Шаһарға келген əр əкім  жұмысын сарайға жаңалық енгізуіден бастайтын. Есімізде.

Енді, мемлекет меншігіне өткен “Мұз сарайының” тынысы қайта ашылары сөзсіз.  Қасбеті ажарланып,  әр кірері анық. Кейін, қайтадан аукционға  шықпаса игі…  Бәрін уақыт көрсетеді.

Фото: Sxodim.com

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *