Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 2024-2028 жылдарға 2 есеге ұлғайту жөніндегі жол картасы бойынша Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасымен бекітілген. 2024 жылға арналған тапсырмаға сәйкес, ауыл шаруашылығы жалпы өнімі көлемінің тапсырмасы 112,1 млр. теңге болса, 6 айдың қорытындысымен орындалуы 8,7 млрд. теңге болып, жоспар 100,5% құраған.
Сауран ауданына су үнемдеу технологияларын 4839 гектарға ендіру бойынша тапсырма берілген. Оның ішінде тамшылатып суару — 400 гектар, жаңбырлатып суару — 4439 гектарды құрайды. Қазіргі таңда ауданда 1119 гектар жерге су үнемдеу технологиясы орнатылған. Оның ішінде тамшылатып суару – 165 гектар, жаңбырлатып суару – 954 гектарды құрап отырғанын атап өтті.
Берілген тапсырманы толық орындау үшін бекітілген жоспарға сәйкес, ауылдық округ әкімдеріне тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне орын алған кемшіліктер бойынша шұғыл түрде жұмыс жасауға нақты тапсырмалар берді.
Айта кетейік, 2024 жылы Түркістан облысында су үнемдеу технологиясын қосымша 22 мың гектарға ендіру жоспарланған. Бұл каналдардағы су шығынын азайтуға және суды үнемдеп тұтынуға мүмкіндік береді. Оның басты міндеті – шаруаларға тіршілік нәрін уақытылы жеткізіп, егіннің бітік шығуына көмектесу.
Облыста су үнемдеу технологияларын шығаратын кәсіпорындарды ашу инвестициялық жобалары жүзеге асуда. Жаңбырлатып суару машиналарын шығаратын еліміздегі тұңғыш зауыт Түркістан облысында іске қосылды. Түркістан маңындағы өндірістік паркте құны 4,1 млрд. теңгені құрайтын жылына 1000-ға жуық жаңбырлатып суғару машиналарын шығаратын зауытының бастапқы кезеңі іске қосылды