Бүгінде қала аумағындағы көшелердің шұңқырлары жамалып, күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде. Бригадалар бірінші кезекте көліктердің қауіпсіздігіне әсер ететін орталық магистрал және ішкі орам көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар жол қозғалысына қолайлы болу үшін жоспарланған 400 қалқымалы қақпақшаның жартысынан астамы орнатылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар Еңбекші ауданындағы 60-тан астам көшеде атқарылды. Сондай-ақ Қаратау ауданындағы Қайтпас, Бозарық елдімекендерінде, Абай ауданындағы Достық, Самал-2,3 елдімекендерінде, Әл Фараби ауданы Сәуле елдімекенінде жалғасуда.
Осыған дейін Тұран ауданы Қызғұрт елдімекеніндегі 20-дан астам көше жөндеуден өтті. Олар: Оңдасынов, Жандарбеков, Мақталы, Отырар, Ақжар, Мамина-Сибиряка,Алтын сақа, Үсенов, Қожанова, т.б көшелері.
Алдағы уақытта жергілікті тұрғындардың өтініштері бойынша бұл жұмыстар жалғасатын болады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі