ЖАҢБЫРЛАТЫП СУАРУҒА КӨШУДЕ

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Созақ ауылының іргесіндегі «Болыс ата» шаруа қожалығында болып, өнім көлемімен танысты. Қожалық төрағасымен тілдесіп, мемлекет тарапынан шаруаларға берілетін жеңілдіктер жөнінде ұсынысын тыңдады. Аудан басшысы ол бойынша жауапты мамандарға тапсырма жүктеп, өз бақылауына алатынын жеткізді.
Қожалық төрағасы Шәріпжан Рысметов көкөніс, бақша және жоңышқа дақылдарымен таныстырды. Өнімінің көлемі мен онда орнатылған жаңбырлатып суғару қондырғысының тиімділігіне айрықша тоқталды. Биылғы жылы «Болыс ата» шаруа қожалығы 15 гектар аумаққа жүгері, қауын-қарбыз, картошка, асқабақ, жоңышқа сынды дақылдарды өсіруде. Өнімінің алғышқы бөлігін сатылымға шығарып, халыққа қол жетімді бағада ұсынуда.
Айта кетейік, биыл Созақ ауылдық округінің өзінде жалпы егілген егіс көлемі 2459 гектарды, бау-бақша өнімдері 69,88 гектар аумақты құрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *