«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ОРДАБАСЫЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР МЕН ЖАСТАР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСТЫ

Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекені «Орталық саябақта» тазалық іс-шарасы өтті,- деп хабарлайды Bozyq.kz аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, этнос өкілдерімен бірге ауданның жастары да қатысты. Саябақта тал түптері әктеліп, қураған ағаштар жиналып, қоқыстан тазартылды.

Таза Қазақстан» акциясы аясында Ордабасыда тазалық шаралары жиі ұйымдастырылуда. Сенбіліктер аясында көшеттер отырғызылып, саябақтар мен көшелер тазаланып жатыр. Сондай-ақ, акциясы аясында абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Іс-шараға 80-ге жуық ардагерлер мен жастар қатысты.

«Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтің бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауданымызда экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында сенбіліктер өткізіліп жатыр. Ауламызды, ауданымызды, өлкемізді тазалықта ұстауымыз қажет. Тазалық әр адамның өзінен басалады. Өскелең ұрпақтың таза жерде, дені сау болып өскенін қалаймыз. Сол себепті әрбір тұрғын өз ауласының айналасын үнемі таза ұстағаны жөн. Барша тұрғындарды осы аталған науқан аясында сенбілікке белсенді қатысуға шақырамын»,- деді ардагер  О.Есқараев.

Алдағы уақытта сенбілік ауданның басқа ауылдарында да өз жалғасын табатын болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *