Түркістан қаласын жасылдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Аймақта түрлі көшеттер егіліп, күтіп-баптау ісі мықтап қолға алынған.
«Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2 орман тұқымбақ бар. Онда қазірдің өзінде 28 түрлі ағаш көшеттерін өсіп жатырмыз. 6 млн-ға жуық көшет бар. Олар қылқан жапырақты, бұта тектес, жапырақты ағаштар. Биылғы жылы біз елді мекендерге, аудандарға 420 мыңдай көшет өткіздік,-дейді «Жасыл аймақ» мекемесінің дирректоры Ибрагим Бекасылов.
«Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тұрақты екі орман тұқымбағы бар. Заманауи тұқымбақта 576,0 шаршы метр жерге жылыжай орнатылды. Мақсат сирек кездесетін сәндік қылқа және жапырақты ағаштар өсіру. Ал, сеппе бөлімшесі ағаш-бұта өсімдіктер тұқымының 11 түрінен 5000 кг тұқым себу жұмыстарын қолға алды. Нұрлан Айтымов тұқымбақта кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. 4 жылдан бері бұл салада еңбек етіп келе жатқан маман әр ағашты жетілдіру жолдарын айтады. Бұл жерде 28 түрлі ағаш өсіріледі. Оның әрқайсысының пісіп-жетілуі бар. Соған байланысты жоспар құрылады. Мамандарың айтуынша, Түркістан қаласында топырақ құнарсыз, сондықтан, тұқымды жерсіндіру оңай болмайды.
Жалпы орман тұқымбағында тұрақты 48 штаттық бірлік және 3 техника қамтамасыз етілген.