ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАР ТЕГІН WI-FI ЖЕЛІЛЕРІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУДЕ

Шымкент қаласында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және заманауи технологияларды пайдалану мақсатында қоғамдық орындарды тегін Wi-Fi желілерімен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2023 жылы бұл бастама аясында қаладағы 20 қоғамдық орынға 55 Wi-Fi құрылғысы орнатылған болатын. Ағымдағы жылы қосымша тағы 5 қоғамдық орынға — 15 Wi-Fi құрылғысы орнатылып, жалпы саны — 70 Wi-Fi құрылғысы іске қосылды. Бұл қала тұрғындарына кез келген қоғамдық орында интернетке оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Тегін Wi-Fi желілері қала тұрғындары мен қонақтарына көптеген артықшылықтар ұсынады. Олар қоғамдық көліктерде, саябақтарда, алаңдарда, мәдени орталықтарда және басқа да орындарда интернетке қосылып, қажетті ақпаратты жылдам алуға, жұмыс істеуге, білім алуға, немесе жай ғана әлеуметтік желілерде уақыт өткізуге мүмкіндік береді. Қаламызда Бәйдібек би, Әкімдік алаңы, Аэропорт, Дендросаябағы, Нұрсат аллеясы, Назарбеков көшесіндегі гүлзар т.б. жерлерге орнатылды.

Сонымен қатар, қала тұрғындары үшін «2GIS» қосымшасында арнайы бөлім енгізілді. Бұл бөлімде жедел қызметтердің байланыс нөмірлері, олардың орналасқан жері және қаладағы тегін Wi-Fi желілері туралы толық ақпарат көрсетілген. Мұндай шешім қала тұрғындарының қажетті ақпаратқа жылдам қол жеткізуін жеңілдетеді және қаланың цифрлық инфрақұрылымын дамытуға септігін тигізеді.

Айта кетейік, Шымкент қаласында оптикалық интернет қамту үлесін де артып келеді.  Қаладан шалғай орналасқан 15 елдімекенге талшықты оптика желісі қойылды. Елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде.

Жалпы, Шымкент қаласында тұрғындардың IT сауаттылығын арттыру мақсатында «CIFRO» және робопарк бағдарламалау мектептері ашылды. Онлайн платформа веб сайттарды әзірлеу, ІОS, андройд платформасында қосымшалар әзірлеу, анимация жасау, ойындар әзірлеу секілді курстар оқытылуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *