Шардара ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыру аясында «Таза Қазақстан» тазалық бойынша Шардара қаласы және 10 ауыл округтерінде ретсіз жиылған қоқыстарды жойып, көше бойындағы талдарды суарып, ирригациялық жүйелерді таза ұстау күн тәтібінен түскен емес. Аптаның жұма-сенбі күндері тұрғындар өз аумақтарына тазалық жүргізуді үрдіске айналдырып келеді.
Бүгін, Шардара ауданы Ақшеңгелі ауыл округі, Ақалтын ауылында санитарлық тазалық жұмыстары талапқа сай жүргізілді.
Тазалық шарасына 120 ға жуық адам, 2 техника қатысып, 6 көше бойынан 3.1 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Сенбілік барысында ретсіз жатқан қоқыстармен қураған талдар қырқылып, арамшөптерден тазартылды.
Сонымен қатар, Ордабасы ауданының орталығы Темірланда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық шарасы аясында жалпыаудандық сенбілік өтті.
Тазалық шарасына аудан ардагерлері, қоғамдық ұйым жетекшілері, зиялы қауым өкілдері, ауыл әкімдері, мекеме қызметкерлері, жастар, ауыл тұрғындары қатысты. Іс-шарада аудан орталығындағы орталық көшелерде, саябақта тазалық жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, сенбілік барысында мәдени және спорттық іс-шаралар өтті. Қатысушылар көшелерді тазалау, иригация жүйелері мен аяқ жолдарды тазалау, абаттандыру және қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек, ағаш түптерін әктеу, ретсіз өскен бұта мен шөптерді жинау жұмыстары атқарылды.
Жалпы сенбілікке аудан бойынша 500-ге жуық адам мен арнайы техникалар жұмылдырылды.