«ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: ЗАҢ МЕН ТӘРТІП, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ, ҚОҒАМДЫҚ ОПТИМИЗМ»

«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм». Қазақстан халқы қазір мүлде жаңа саяси жағдайда өмір сүруде.

Халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін көптеген шаралар қолға алынды. Соңғы жылдарда ауқымды реформалар жасалып еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Жұрттың сана-сезімінде жаңаша бетбұрыс болып халықтың құқықтық мәдениеті артып келеді. Азаматтардың бойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығуда.

Мұның бәрі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын орнықтыруға ықпал ететіні сөзсіз.

Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс.

Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп халыққа БАҚ тар арқалы жариялауымыз керек.

Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді.

Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек. Азаматтары, әсіресе жастары мәдениетті, жаңашыл әрі жасампаз ұлттың ұпайы түгел. Өркениетті ел болуымызға кедергі жасайтын жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек.

«Халқымыз қашанда кең пейілімен, төзімділігі және толеранттылығымен ерекшеленген. Еліміздің басты құндылығы – бірлік пен келісім ең алдымен, осы қасиеттердің арқасында сақталып отыр.

Мемлекет басшысының ағымдағы Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауы кең және ар салаға қамраулы тапсырмалар бергендігін көріп қуанып отырмыз! Буның барлығы экономикамыздың эволюциялық жолымен өрлеуін арқасында Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын жақсаруына арналған Жолдау деп білемін.

Қастерлі Отанымыз – Қазақстан өркендей берсін!

Халқымыз аман болсын!»

Икрам Хашимжанов, Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *