АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫ – БОЛАШАҚТЫҢ ҚУАТЫ

Түркістан облыстық Халықтық штабының өкілдері Түлкібас ауданында болды. Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің  мұғалімдеріне атом энергетикасының артықшылықтары туралы маңызды ақпараттар беріліп, тұтас экономикаға позитивті ықпал ететін тұстары жөнінде мағлұматтар айтылды.

Жиын барысында АЭС салу бастамасы Қазақстанның энергетика саласын түбегейлі жаңғыртуға ықпал етіп, жаңа технологиялардың келуіне жол ашатыны айтылды. Станция жұмысын ұйымдастыруда қосымша өндірістік желілер, қызмет көрсетуші құрылымдар пайда болмақ. Олардың барлығы технологиялық тұрғыда мүлде жаңа мазмұндағы өндірістік желіні іске қосатын болады деп атап өтті штаб мүшелері.

«Азаматтарға таңдау еркін беру – жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруда. Реформалар арқылы елге жанашыр шынайы азаматтық қоғам тіктеліп келеді. Мемлекеттің тұтастығы, елдің татулық-бірлігі, қоғамның қауіпсіздігі мәселелері – талқыға түспейтін айнымас құндылықтар болып белгіленді. Арамызда түрлі көзқарас болғанымен, ұлттың біртұтастығы, елдің болашағы, мемлекеттің мызғымастығы тұрғысында – бәріміз біргеміз», — деп мәлімдеді, өңірлік Халықтық штабтың мүшесі, «Қарабұлақ» ауылдық ауруханасының бас дәрігері Дәулет Мұсаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *