«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЗКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Ордабасы ауданында «Таза Қазақстан» зкологиялық акциясында сенбілік өтті. Темірлан ауылында 10 шақырымнан астам көше бойларын сыпыру аяқ жолдардың шөптері шабу, ирригация жүйелерін тазалау жұмыстары жүргізілді. 8,5 тонна қоқыс шығарылып, 170 ағаштар әктеліп, 85 ағаштардың қураған бұтақтары шабылып ретке келтірілді.

Сенбілікке жалпы 300 ден астам мемлекеттік қызметшілер мен қоғамдық қызметкерлер қатысты. 8 техника жұмылдырылды. Одан бөлек, 10 ауыл округтерде сенбілік жұмыстары жалғасын тапты.

Сенбілік жұмыстары Сарыағаш ауданында да жалғасын тапты. Аудан әкімдігіне қарасты әр  мекеме өзіне жүктелген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді. Республикалық, облыстық маңызы бар автожолдардың, ішкі көшелердің бойында күл-қоқыстар жиналды. Арық-атыздар тазартылды. Ағаштарды  әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстарында аудан бойынша жалпы 38 тонна қоқыс шығарылып, 3 000-ға жуық адам, 53 арнайы техника жұмылдырылды.

Бәйдібек ауданында да тазалық жұмыстары қолға алынды. Аудан көлемінде ұйымдастырылған шараға 500 ден астам тұрғындар ат салысты. Қураған шөптер орылып, көше бойлары сыпырылды және қас келбетті бұзып тұрған қабырғалар әктелді.
Сонымен қатар, барлық тарихи, мәдени орындарда және өзен бойларына да тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Аудандағы 50 елді мекен бойынша 480 м3-ден астам күл-қоқыстар шығарылды, елді мекен ішіндегі 212-нен астам жеке тұрғын үй, қора-қопсы қабырғалары әктелді, 158 шақырым жол бойы арық атыздарымен қоса тазаланып, қураған 17 дана ағаштар кесілді.

Жалпы аудандарда ұйымдастырылған сенбіліктің мақсаты — аудан көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *