Түркістан – қауіпсіз қалаға айналып келеді. Себебі шаһардағы жол ережесі мен қоғамдық тәртіпті қадағалайтын бейне бақылау камераларының саны күн санап көбейіп жатыр. Мәселен өткен екі айдың ішінде қалаға 43 камера орнатылған. Оның 34-і қоғамдық тәртіпті бақыласа, 9-ы жылдамдықты асырғандарды қадағалайды. Біреуі-соңғы үлгідегі «Интегра» құрылғысы. Ол бағдаршамның қызыл түсі мен жол белгісінен өтіп кеткен көліктерді анықтайды.
Бүгінде Түркістан қаласында орнатылған камералар арқылы әр 24 сағат сайын 100-ден аса құқық бұзушылықтар анықталып отыр екен. Алдағы уақытта жергілікті билік «ақылды» камералар санын 500-ге жеткізбек ниетте. Айта кетейік, Түркістан қаласында бейне бақылау камералары қосылғалы бері 50 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталып, нәтижесінде 500 млн-нан астам айыппұл салынған. Бұл енді мол қаржы….
BOZYQ.KZ