Қалаға жаңадан қосылған елді-мекендерді ауыз сумен қамту мәселесі биыл оң шешімін табады.
Бүгінгі таңда Абдулабад, Тұрдыабад, Өтеміс, Шапрашты, Базарқақпа, Жаңаталап, Игілік, Көкбұлақ, Тәуелсіздікке 20 жыл, Қызылжар ауылдары ауыз суды сағатымен пайдаланады.
Ал, Батыс, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Ақжар, Айкөл, Асар-2, Ақтас-2, Тұран елдімекендері болса, осы уақытқа дейін суды тасып келген.
Қаланың солтүстік бөлігін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 3 магистралды су құбырын тарту қажеттігі көзделген болатын. Сондықтан осы жылы Көмешбұлақ су жинақтаушысынан басты магистралды су құбыры тартылып, оған 2 магистралды су құбырлары қосылады деп күтілуде.