КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНДА ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ СПОРТ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

«AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық Кеңес отырысы өтті


Отырыстың күн тәртібінде Шымкент қаласындағы балалар және бұқаралық спорттағы мәселелер, спорттық инфрақұрылымдардың жағдайы және “DamuBala” жобасының іске асуы туралы қаралды.

Кеңес жұмысын «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Жастарды қолдау кеңес төрағасы, маслихат депутаты, Балабиев Нұрсұлтан Қайратұлы ашып, жүргізді. Жиынға қалалық филиал Атқарушы хатшысының орынбасары Байқонысов Ербол Рәбілұлы, жастарды қолдау кеңесінің мүшелері, партия белсенділері, жастар рухының мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша білім басқармасына қарасты Қосымша білім беру оқу салалық орталығының Дене тәрбиесі және спортты дамыту бөлім басшысы Күзенбаев Нартай Қалабекұлы, дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Орынбаев Мақсат Мұсаханұлының баяндамасы тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша баяндамашыларға сауалдар қойылып, кеңес мүшелері тарапынан ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *