КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ БІЛІКТІ МАМАН БОЛУҒА ЖОЛ АШАДЫ

ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны  «2000 мектеп» жобасын қолға алған болатын. Ақцияның мақсаты -Қазақстанда тапшы болып тұрған жол саласы мамандарына деген сұранысты өтеуге ат салысу.

«Жол активтері сапасының  ұлттық орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері  №14  жалпы орта мектебінде болды.  Жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, оларға жолшы мамандығының қыр-сыры туралы баяндап берді.

«Қазіргі таңда жол саласында мамандар жетіспейді. Сол себепті, біз мектеп оқушыларымен кездесіп, олардың жолшы мамандығына  деген қызығушылығын арттыруға күш салып жатырмыз.  №14 жалпы орта мектебінде бір керемет кездесу болды. Оқушылардың бұл салаға қызығушылығы оянып, ынтасы бар балалар асфальт жабындысы қалай төселетініне дейін білуге құмарта түсті», — дейді  «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының лаборанты Ернұр  Мекенбай.

Айта кетейік, соңғы бес жыл ішінде «Жол активтері сапасының  ұлттық орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалы   359  орта және жоғары оқу орындарында үгіт-насихат жұмыстарын өткізіп, 13 мыңнан астам оқушыны қамтыды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *