«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының мамандары №10 жалпы орта мектебінде болды,-деп хабарлайды Bozyq.kz.
Жолшылар жоғары сынып оқушыларына кәсіпорынның жұмысы, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар жөнінде баяндады. Жол диагностикасы мен жұмыс сапасын сараптау кезінде қолданылатын инновациялық жаңа технологиялар туралы айтып берді.
Өз кезегінде жастар да қарап қалмады. Жолшыларға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оған тұщымды жауап алды.
Еліміздің жол саласында маман жетіспейді. Олқылықтың орнын толтыру үшін Жол активтері сапасының ұлттық орталығының өңірлердегі филиалдары «2000 мектеп» акциясын қолға алды. Аталмыш акцияның мақсаты – жас буынды жол саласына қажетті мамандықтар бойынша білім алуға шақыру.