ЗАҢСЫЗ МҰНАЙ ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

Түркістан облысында мұнай өнімдерінің заңсыз тасымалын тоқтату мақсатында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында 2024 жылы 567 құқықбұзушылық анықталды. 32 370 литр дизель отыны мен 6 008 литр бензин тәркіленіп, мемлекетке 46 миллион теңге айыппұл салынды.

Бұл шаралар Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Роман Склярдың тапсырмасы бойынша жүзеге асуда. Облыс әкімдігі жанынан арнайы жұмысшы топ құрылып, көлеңкелі нарыққа қарсы жүйелі тексерулер жүргізуде. Түркістан облысында 380 жанармай құю бекеті мен 9 мұнай базасы заңды жұмыс істеп, мұнай өнімдеріне тапшылық тіркелмеген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *