ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ: ЭКОНОМИКА, ТУРИЗМ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢАРУЫ

2024 жылы Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 452,6 млрд теңгеге жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 14,4%-ға өскен. Инвестициялар тарту аясында 400,2 млрд теңге инвестиция келген, ал екі өндірістік аймақты дамыту арқылы мыңдаған жұмыс орны ашылды.

Туризм саласында да өсім байқалады: 2024 жылы 1,1 миллион турист келіп, оның ішінде шетелдік туристер саны 90%-ға артты. Қалаға 145 млрд теңге құрайтын 13 жаңа туристік жоба іске қосылмақ.

Жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ға төмендеп, кәсіпкерлік қолдау шаралары арқылы 143 азамат мемлекеттік гранттар алды. Тұрғын үй саласында 534 мың шаршы метр үй пайдалануға беріліп, 2024 жылы 961 отбасы жаңа пәтерге ие болды. 2025 жылы тағы 944 пәтер беру жоспарлануда.

Инфрақұрылымдық жаңарулар бойынша, ауызсу мен электр жарығы 100%-ға жетіп, табиғи газбен қамту 98%-ды құрады. Қалада орталықтандырылған кәріз жүйесі құрылысымен көрсеткіш жыл соңына дейін 87%-ға жетеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *