МОПЕДТЕРДІ ТІРКЕУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІ ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ҚР «Жол жүрісі туралы» Заңына енгізілген толықтырулар мен өзгерістерге сәйкес, қозғалтқыш көлемі 500 см3-тан төмен мопедтер механикалық көлік құралдарымен теңестірілді. Бұл өзгеріс бойынша, мопедті пайдалану үшін тек полицияда тіркеуден өткен, A1, A және B санатындағы жүргізуші куәлігі бар, техникалық тексеруден өткен және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының Процессингтік орталығының басшысы Бақытжан Мейірбеков БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мопедтерді тіркеу үшін арнайы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіну керектігін мәлімдеді. Түркістан облысындағы тіркеу орындары Түркістан қаласы, Сайрам және Сарыағаш аудандарында орналасқан.

Сонымен қатар, 2025 жылғы 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалану және жүргізуші куәлігінсіз басқаруға тыйым салынады. Осыған байланысты мопед иелеріне тіркеуден өту және жүргізуші куәлігі жоқ адамдарға автокөлік мектептерінде оқуға кеңес беріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *