ТҰРАН АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖАҢҒЫРУ: ЖАҢА ЖОЛДАР МЕН АЛАҢДАР

Тұран ауданында инфрақұрылымды дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында белсенді жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылы ауданның көлік инфрақұрылымын жақсарту үшін 42 көше асфальтталып, 49 көшеге шағал тас төселді. 2025 жылы бұл бағытта 23 көшеге 20 шақырым шағал тас төсеу жоспарланып, 59 көшеге 42,8 шақырым асфальттау жұмыстары жүргізіледі.

Ауданның аяқжол жүйесі де жаңартылады. 2024 жылы 39 көшеге 21,3 шақырым аяқжол төселсе, 2025 жылы тағы 35 көшеге 21,1 шақырым жаңа аяқжол салу көзделген. Сонымен қатар, жаңбыр суының кедергісіз ағуын қамтамасыз ету үшін 2024 жылы 33 көшеге 13,9 шақырым ирригация жүйесі орнатылды. 2025 жылы тағы 5 көшеге 2,95 шақырым ирригация жүйесі салынады.

Ауданды жарықтандыру жұмыстары да қарқынды жүруде. 2024 жылы 681 көше жарықтандырылып, бұл көрсеткіш 95%-ға жетті. Ал 2025 жылы барлық көшелер толықтай жарықпен қамтылып, жарықтандыру көрсеткіші 100%-ға жетеді.

Балалардың өмір сүру ортасын жақсарту мақсатында 2025 жылы жаңа ойын және спорт алаңдары салынады. Тұран ауданының инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары келесі жылдары да жалғасын тауып, тұрғындарға қолайлы әрі жайлы жағдайлар жасалатын болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *