ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ “ДОСТЫҚ” СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Ширек ғасыр болған білім ошағының жаңа заманауи оқу корпустары мен ғылыми-зерттеу орталықтары білім алушы жастардың игілігіне пайдалануға беріліп жатыр.

Биыл 25 жылдық мерейтойға тұспа тұс ел игілігі үшін 2000 ш.м астам Халықаралық талаптарға сай «Достық» спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті. Аталған ғимаратта 4 оқу аудиториясы бар. Нысанның құрылысына халықаралық стандарттағы мктериалдар пайдаланылып, инновациялық технологиялар енгізілді. Халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлау үшін барлық жағдайлар жасалған. Оқу ордамызда 2002-2024 жылдары аралығында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша 10 мыңнан астам түлек диплом алып, қазірде олар еңбектерінің жемісін көруде.

Университетіміз чемпион-студенттерді тəрбиелеуде алдыңғы қатарда. Еліміздегі дене шынықтыру және спорт саласының дамуына қосқан үлесі мен халықаралық деңгейдегі спортшыларды дайындауда белсенділік танытқаны үшін оқу ордамызді 3 мегаполис саналатын Шымкент қаласы әкімдігінің шешімімен «Спорт саласындағы үздік оқу орны-2024» номинациясымен марапатталды. «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі Айтжанов Əлімжан Амангелдіұлы бастаған кафедра ұжымы: 8 — халықаралық дəрежедегі спорт шеберін, 38 – спорт шеберін, 152 – спорт шеберлігіне үміткер жастарды тәрбиелеуде.

Айта кетейік, жаңа ғимараттың лентасын қию рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, ҚР ЖОО қауымдастығының төрағасы Рахман Алшанов, Шымкент қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов, университет құрылтайшысы Кәрамат Пердешқызы, ХДУ Президенті Нұрлан Қуатбековпен ректор Рабиға Қуатбекова және еліміздің білім және ғылым саласының қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері және оқу ордамыздың ұстаздарымен білім алушылары қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *