Қазіргі таңда автожол саласындағы басты мәселелердің бірі – білікті кадрлардың тапшылығы. Министрлік мәліметінше, бүгінде салада 2000-ға жуық маман жетіспейді.
Осы мәселені шешу және жастарды жол құрылысы саласына тарту мақсатында Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Шымкент қалалық филиалы мамандары «2000 мектеп» акциясы аясында А. Бөкейханов атындағы ЖОББМ оқушыларымен кездесті.
Кездесу барысында мамандар жоғары сынып оқушыларына автожол саласының маңыздылығы, болашағы және осы саладағы мамандықтардың мүмкіндіктері туралы баяндап, кәсіби бағдар берді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды.
Бұл кездесудің нәтижесінде жастардың жол құрылысына деген қызығушылығы артты.
Жол сапасын жақсарту – білікті мамандардың қолында! Егер сен де осы маңызды саланың дамуына үлес қосқың келсе, автожол мамандықтарын таңда!