ШЫМКЕНТТЕ 230-ШЫ БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ

Шымкентте 230-шы бүйрек трансплантациясы сәтті өтті. Қалалық №1 клиникалық ауруханада жүргізілген операцияда 1969 жылғы азамат донор болып, 23 жастағы ұлына бүйрегін берді. Операция нәтижелі аяқталды, және екі пациент те жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.

Бүйрек трансплантациясы жасалған жас жігіт 1,5 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен науқас болып, гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Қазір ол қалыпты өмірге қайта оралуға жақын деп, дәрігерлер болашақта оның денсаулығы жақсаратынын атап өтуде.

Айта кету керек, Шымкентте бүгінгі күнге дейін 230 бүйрек және 32 бауыр трансплантациясы жасалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *