ШЫМКЕНТТЕ 7 МЫҢНАН АСТАМ ЗЕЙНЕТКЕР ШИПАЖАЙҒА ЖОЛДАМА АЛҒАН

Шымкент қаласында екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері мен оларға теңестірілгендер жыл сайын азайып барады. Қазіргі таңда қалада Ұлы Отан соғысының 2 ардагері мен 1 604 тыл еңбеккері тұрады. Ал, жалпы өңірде 96 133 зейнеткер бар.

Қала әкімдігі тарапынан зейнет жасындағыларды санаторлық-курорттық еммен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлініп келеді. Мәслихаттың шешіміне сәйкес, жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы аясында зейнеткерлерге шипажайларға жолдама беру қарастырылған.

Шаһарда жыл сайын 7 мың зейнеткер сауықтыру орындарына жіберіліп отырады. Қариялардың 127-сі – тыл еңбеккері. Биыл жыл басынан бері «Ізетті зейнеткер» мемлекеттік сауықтыру кешеніне 280 зейнеткер сауықтыру орындарына жолдама алған болса, оның 3-еуі тыл ардагері.

Зейнеткерлер үшін шипажай-курорттық ем алу тәртібі барынша жеңілдетілді. Яғни, зейнеткерлер үйден шықпай-ақ шипажайға кезекке тұруға «geo-shym.kz» сайты арқылы өтініш беріп, өздерінің кезек реттілігін онлайн бақылау мүмкіндігіне ие.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *