Бүгін «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК, Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы филиалы, облысымыздағы жол салушы мердігер, авторлық, техникалық қадағалаушы мекемелері және аудан, қала әкімдіктерінің қатысуымен кеңейтілген жиын өтті

Мәжіліс барысында автомобиль жолдары саласы бойынша өзекті мәселелер қаралды. Нақтырақ айтқанда, сметалық құжаттамаларды ведомстволық сараптамадан өткізу, нормативтік құжаттарға енгізіліп жатқан өзгерістер, автомобиль жолдарын диагностикадан өткізу және аспаптық тексеру, автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезінде жұмыстар сапасын бақылау және қабылдау бойынша нақты мәліметтер берілді.
Жиын барысында «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК К.Толеуханов баяндама жасап, өзекті мәселелерге кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ мердігер мекемелердің және аудан, қала әкімдіктерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.