Түркістан облысында алғаш рет бауыр трансплантациясы сәтті өтті. Операцияны Түркістан облыстық клиникасында ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандары мен академик Б. Баймахановтың жетекшілігімен жүргізді.
Науқас 48 жастағы Ульяна Нурметова, бауыр циррозы ауруымен ауырған. Донор ретінде оның 19 жастағы қызы Эльвира Сахавитдинова қатысты.
Операцияға В. Мутагиров, М. Жұмабекова (анестезиологтар), М. Досханов, С. Тілеуов, Ж.Оспан (хирургтар) және облыстық клиникалық аурухананың мамандары белсенді қатысты.
Қазіргі уақытта науқас дәрігерлердің бақылауында, отадан кейінгі кезең асқынуларсыз өтіп, трансплантацияланған органның қызметі тұрақталып келеді.
Бұл операция аймақ тарихындағы алғашқы бауыр трансплантациясы болып, Түркістан облысында трансплантология саласының дамуына жаңа мүмкіндік ашты.