ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘРТІП БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ: 2024 ЖЫЛҒЫ ТЕКСЕРУЛЕР МЕН ҚАБЫЛДАНҒАН ШАРАЛАР

2024 жылдың қорытындысы бойынша Департамент мемлекеттiк қаржыларды пайдаланудың тиімділігін бақылау бағытында 113 аудиторлық іс-шара өткізді. Оның ішінде 29-ы жоспарлы, ал 84-і жоспардан тыс аудиттік тексерулер болды. Аудит нәтижесінде жалпы сомасы 40,4 млрд теңге көлемінде бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

  • 20,8 млрд теңге – қаржылық бұзушылықтар;
  • 19,6 млрд теңге – рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.

Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан 275,4 млн теңге бюджетке өндірілетін қаражат ретінде белгіленді. Бұл қаражаттың 182,6 млн теңгесі (66,3%) бюджетке қайтарылды. Сонымен қатар, 20,2 млрд теңгенің 19,8 млрд теңгесі қалпына келтірілді.

Қабылданған шаралар мен нәтижелер

Аудит қорытындылары бойынша мемлекеттік қаражатты пайдалану барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықталып, тиісті шаралар қабылданды. Атап айтқанда:

  • 93 ұйымға қаржылық тәртіп бұзушылықтарын жою және жауапты тұлғаларды қарау туралы нұсқамалар жіберілді;
  • 107 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды;
  • 146 әкімшілік хаттама толтырылып, 18,6 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілді;
  • 7 аудит материалы құқық қорғау органдарына жолданды.

Мемлекеттік сатып алулар мен бюджеттік мониторинг

Мемлекеттік сатып алулар мен бюджеттік мониторинг аясында камералдық бақылау нәтижесінде 21 551 мемлекеттік сатып алу конкурсы тексерілді. Бұл конкурстарда 3 615 жағдайда жалпы сомасы 93,1 млрд теңге көлемінде бұзушылықтар анықталды. Барлық заңбұзушылықтар бойынша тиісті хабарламалар жолданды.

Онлайн бюджеттік мониторинг барысында 11 білім беру ұйымы бойынша 18,8 млн теңгенің төлемдеріне мониторинг жасалып, 3,1 млн теңге қаржылық бұзушылық анықталды. Бұл қаражат толық көлемде бюджетке өтелді.

Қорытынды

Департамент мемлекеттік қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылауды күшейтті және қаржылық тәртіп бұзушылықтарын жою бағытында қатаң шаралар қолданды. Бұл шаралар мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану үшін маңызды қадам болып табылады. Мемлекет қаржысын пайдалану бойынша жүргізіліп жатқан бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасып, мемлекеттік ресурстардың тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында жаңа бастамалар қолға алынбақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *