ТҮРКІСТАНДА ЗАҢ ҮСТЕМДІГІН НЫҒАЙТУ МАҚСАТЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласында «Азаматтық қоғам: Заң мен тәртіп үстемдік ететін қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Шара облыстық Қоғамдық даму басқармасы мен облыстық Азаматтық Альянстың ұйымдастыруымен өткізілді.

Жиынға облыстық Әділет департаментінің өкілі Бағдат Үсенов пен облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Сәуле Шырынбекова қатысып, қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік тіркеуден өту, қызметін тоқтату және есеп беру тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның мақсаты – заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және заң талаптарын құрметтеуге шақыру болды. Жиында азаматтық қоғам мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, заңды сақтау мен тәртіпті ұстанудың қоғамның тұрақты дамуына қосатын үлесі туралы пікірлер айтылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *