Түркістан қаласы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұхит Көшенов жобалаушы ұйымдар, техникалық қадағалаушылар мен мердігерлермен кездесіп, құрылыс саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Құрылыс тек қала көркін ғана емес, ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан заңсыз және рұқсатсыз салынып жатқан нысандарға қатаң бақылау жүргізілуде.
Мониторинг пен бақылау жұмыстарының нәтижесінде мынадай деректер анықталды: 112 кәсіпкерлік нысан толық аяқталмай пайдалануға берілген. Олардың басым бөлігі Тәуке хан даңғылы, Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесі, С.Қожанов, С.Ерубаев көшелері мен Қызылорда және Кентау тас жолдары бойында орналасқан. Сот шешімімен 14 нысан бұзылып, 29 942 120 теңге (7475 АЕК) көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.