АБЗАЛ ӘЖІҒАЛИЕВ ТҮРКІСТАНДА ЖАС СПОРТШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан қаласында орналасқан «Мұз сарайында» Қытайдың Харбин қаласында өткен қысқы Азия ойындарының жеңімпазы әрі күміс жүлдегері Абзал Әжіғалиев жас спортшылармен кездесіп, шеберлік сабағын өткізді.

Шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, рухани шаһарға арнайы келген чемпионға алғысын білдірді.

Қысқы Азия ойындарының жеңімпазы мен күміс жүлдегерінің облысқа келуі аймақтағы жас спортшылар үшін үлкен маңызға ие болды. Жас өрендер чемпионмен тікелей сұхбаттасып, оның тәжірибесінен көп нәрсе үйренді. Абзал Әжіғалиев өңірде қысқы спорттың дамуына үлес қосып, жастарға кәсіби шеберлігін көрсетіп, рухани қолдау көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *