ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Қытайдың «Silk Road Construction and Development Co., Ltd» компаниясының өкілдерін қабылдады.

Кездесуде қос тарап қаладағы инвестициялық жобалар мен туристік әлеует жайлы пікір алмасты.

Қытайлық инвесторлар Түркістанда бес жұлдызды қонақүйлер, аквапарктер және денсаулық сақтау саласында жобаларды іске асыруға ниетті.

Мамыр айында жаңа қонақ үй кешенінің құрылысы басталатын болады. Бұл жобалар қала инфрақұрылымын жақсартып, экономиканы дамытуға ықпал етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *