ҚАЙНАРБҰЛАҚ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ЖАҢА СКВЕР САЛЫНЫП ЖАТЫР

Шымкент қаласы Абай ауданы Қайнарбұлақ тұрғын алабында мәдениет үйінің жанынан жаңа сквер салынып жатыр.

Демеушілер есебінен жүргізіліп жатқан жоба ауданның көркін арттырып, тұрғындардың демалуына және әлеуметтік іс-шаралар өткізуге ыңғайлы орын болмақ. Өткен жылы жаңа мәдениет үйі тұрғындар игілігіне берілсе, ендігі ретте мекеме аумағын абаттандыру жұмыстары атқарылуда. Жоспар бойынша нысан құрылысы биыл аяқталады.

Шаһарда шалғайдағы елді мекен тұрғындарының өмір сапасы мен мәдениетін көтеруге бағытталған бастамалар, жобалар одан әрі жалғасын табады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *