ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АУДАН ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Жетісай ауданында тұрғындармен кездесіп, маңызды мәселелерді талқылады.

Облыс әкімі ауыл шаруашылығын дамыту, саланы әртараптандыру және жұмысшыларға көмек көрсету қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 1 млрд теңгеге 200 жоба қаржыландырылмақ. Жетісайда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 107,9 млрд теңгеге жетіп, 3,6% өсті, ал ауданның жалпы өңірлік өнім көлемі 184 млрд теңгеге ұлғайды.

Кездесу барысында тұрғындар инфрақұрылым мен әлеуметтік мәселелерді көтерді, ал облыс әкімі оларға заң аясында шешім табылатынын айтты. Жеке қабылдауға келген азаматтар түрлі сала бойынша ұсыныс-тілектерін білдірді. Тұрғындардың өтініштері «еOtinish» платформасы немесе «Ашық әкімдік» кеңсесі арқылы қабылданады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *